Жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын теориялық емтиханға өзгеріс енгізілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстандағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтиханды енді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдерінің сөзінше, бұл шара қызмет көрсету сапасын арттыру және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетерлігі, бұған дейін емтиханды аутсорсинг компаниялар жүргізетін.
16 қазаннан бастап жол қозғалысы ережелерінің 2.0 орнына жол қозғалысы ережелерінің 3.0 жаңа жүйесі енгізілді. Қазір жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі және тестілеу үдері бейнебақылауға жазып алынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript