Костенко атындағы шахтада тағы бір кеншінің мәйіті табылды

шахта, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2023 18:00 Сурет: freepik
Кейінгі мәлімет бойынша, із-түзсіз жоғалғандар тізімінде 3 адам бар, қалған 43 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы Telegram-дағы каналында жазды.

"Шахтада қаза тапқандар саны 43-ке жетті. Әлі 3 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр"."Хабар 24"

Zakon.kz редакциясы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен бұл ақпараттың рас-өтірігін сұрап, 15:37-де ресми сауал жолдаған. 18:00-дегі жағдай бойынша, ведомство әлі ақпарат бермеді.

Еске салайық, бұған дейін Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 42 адамға жеткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: