30 қазан күні Алматыда ауа райы қолайсыз болады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 30 қазан, дүйсенбі күні Алматыда ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Республиканың басқа қалаларында қолайлы ауа райы сақталады.
Қолайсыз ауа-райында мынадай әрекеттер ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
- өкпенің созылмалы ауруы, жүрек-қан тамырлары ауруы және аллергиясы бар адамдар көшеде жүргенде өзімен бірге дәрісін алып жүруі керек;
- Даладағы физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорт іс-шаралары жабық спорт кешендерінде өтуі керек.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейетініне байланысты дауылды ескерту жариялаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript