Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды
Сурет: polisia.kz
Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 қазан күні сағат 14:21 шамасында "102" арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.
Әйел жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін айтқан. Қазіргі таңда ол жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript