Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі адам мерт болды
Сурет: вслух.ру
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қарашада сағат 06:52-де Луганская көшесінде өрт болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метрде үйдің ағаш конструкциялары, үй заттары мен жиһаз өртенген.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт шыққан жерде 1953 жылы туылған әйел адамның және 1980 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 08:06-да сөндірілді.
Өрт мұржаның дұрыс жұмыс істемеуінен болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript