Қазақстанда алғаш рет аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Елімізде алғашқы аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы басталды. Дауыс беру еліміздің 17 өңірінде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 қарашада аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы алғаш рет өтеді. 17 облыста сайлау учаскелері ашылды, үш қала мен 42 ауданның басшысы сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау кампаниясы кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылған, оның 164-і тіркелді: 69-ын саяси партиялар, 95-і өзін-өзі ұсынған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
