Жаңалықтар тізбегі
0

Шанхайдағы импорт көрмесі: Смайылов бірнеше елдің үкімет басшысына ұлттық павильонды көрсетті

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 13:00 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шанхайдағы Қытайдың 6-халықаралық импорт көрмесіне қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен бірге онда ұсынылған ұлттық павильондармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық павильон шеңберінде Қазақстан ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, экспорт және инновация салаларындағы компаниялар мен жобалар арқылы кең ауқымды келушілерге өзінің инвестициялық, сауда және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырады.

Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 13:00

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Аустралия, Қытай, Куба және Сербия үкіметтерінің басшылары бар құрметті қонақтарға республиканың астық, май және басқа да азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті, келешегі зор инвестициялық жобалар, теміржол бағыттарының желісі және туристік көрікті жерлер таныстырылды.

"АӨК-тен инновацияға дейін" коммерциялық павильоны аясында көрмеге 30-дан астам қазақстандық кәсіпорын, оның ішінде азық-түлік, ұн, сүт және алкоголь, кондитерлік және макарон өнімдерін, бал, тұз, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған аралас қоспаларды өндірушілер қатысып жатыр. Қазақстандық коммерциялық стендті аралау барысында делегация басшылары отандық кәсіпорындардың өнімдерімен және ұсыныстарымен жан-жақты танысты.

Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 13:00

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Айта кету керек, кейінгі 5 жылда Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне Қазақстаннан 133 компания қатысып, соның арқасында құны $260 млн-нан астам сомаға тиімді экспорттық келісімшарттар жасалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: