Жаңалықтар тізбегі
0

"Үкімет әрқашан бизнеспен диалогқа ашық": Смайылов өңдеу өнеркәсібіне қатысты мәселелерді қарады

"Үкімет әрқашан бизнеспен диалогқа ашық": Смайылов өңдеу өнеркәсібіне қатысты мәселелерді қарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 09:39 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орта бизнес өкілдерімен кездесті. Онда өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің хабарлауынша, наурызда VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы елімізге экономиканы дамыту жолында өздеріне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет екенін атап өткен. 

"Орта бизнестен зор үміт күтіп отырмыз. Ол бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және кең ауқымды қызмет көрсететін өңдеуші сектордың қозғаушы күшіне әрі драйверіне айналуға тиіс", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Кездесу барысында қатысушылар:

  • қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • өнім көлемін ұлғайту;
  • импортты алмастыру және жаңа өндіріс орындарын дамыту;
  • мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • мемлекеттік сатып алу, салық салу, сертификаттау;
  • индустриялық аймақтар мен индустриялық парктерді дамыту;
  • инновацияларды енгізу;
  • экспорт;
  • жұмыс орындарын құру, кадр даярлау және тағы басқа мәселелерді талқылады.  

Премьер-министр мемлекеттік органдарға бизнес қауымдастығымен бірге көтерілген барлық мәселенің шешімін пысықтау үшін тапсырма берілетінін айтты. 


"Негізгі капиталға инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әкімдіктерге қойылған нақты KPI бар. Бұл ретте ШОБ субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілді, сол себепті әкімдіктер жеке секторды кеңейтуге мүдделі. Үкімет әрқашан бизнеспен диалогқа ашық екенін және оның дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да атап өткім келеді", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: