Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы Шымкентте шыны өндіретін зауытты іске қосу рәсіміне қатысты

Шымкентте шыны конструкцияларын өндіретін зауыттың іске қосу рәсімі , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 18:30 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкентте шыны конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қуаттылығы жылына шамамен 800 мың шаршы метр шыны конструкциясын құрайтын кәсіпорынға "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

Зауытта заманауи еуропалық жабдықтар орнатылған, ал шикізат Қызылорда облысынан (Orda Glass Ltd) жеткізіледі.

Жаңа кәсіпорынның өнімі ішкі нарыққа шығарылып қана қоймай, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне де экспортталады деп күтілуде.


Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 18:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Әлихан Смайылов өз сөзінде елімізде бәсекеге қабілетті өндірістердің саны жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап өтті.

"Мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсетеді, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтарымыздың әл-ауқаты артып келеді", — деді ол.



Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 18:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңа зауыттың жалпы инвестициялық құны – 5,8 млрд теңге. Оны іске қосудың нәтижесінде 260-тан астам адам жұмыспен қамтылады.

"Жалпы оның қызметі өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Баршаңызды кәсіпорынның ашылуымен құттықтаймын! Жұмыстарыңыз табысты болсын!" — деп түйіндеді Премьер-министр.


Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 18:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: