Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

Сұқбат Сурет: Zakon.kz
Бұл мәселе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зерделеніп жатыр. Қоғам өкілдерімен де бірнеше кездесу өткізілді, - деді Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәселе қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зерделеніп жатыр. Қоғам өкілдерімен де бірнеше кездесу өткізілді. Егер адамдар зейнетке ерте шығатын болса, онда зейнетақы мөлшері азаятынын түсінуі керек. Бірақ қоғам осы мәселені талқылап жатқандықтан, оны жан-жақты зерттеу қажет. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов

Оның айтуынша, қазір аталған мәселені зерттейтін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Салалық министрлік атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша тиісті ақпарат береді деп ойлаймын. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов

18 мамырда Үкімет дәлізінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет зейнетақы жасын төмендету мәселесін биылғы жылдың соңында шешетінін айтқан болатын.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60 жас және алты айға дейін ұлғайды.

Әйелдер үшін зейнеткерлік жасты арттыру 2018 жылдан басталды. Сонымен, 2027 жылға қарай ол ер адамдар секілді 63 жастан бастап зейнетке шығатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: