Еңбек министрлігі жәрдемақыны арттыру мәселесіне қатысты пікір білдірді
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жәрдемақыларды арттыру мәселесі қазіргі уақытта қарастырылмайтынын мәлімдеді.
Алайда қаржы-экономикалық блок тарапынан қолдау болса, бұл мәселені қайта қарауға дайын екенін айтты.
Спикердің айтуынша, Еңбек министрлігі желісі арқылы республикалық бюджет есебінен төленетін барлық жәрдемақылар мен төлемдер жыл сайын болжамды инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі.
"Қазіргі таңда елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жәрдемақыларды арттыру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Дегенмен, тиісті қолдау болған жағдайда, соның ішінде қаржы-экономикалық блок тарапынан, біз бұл мәселені қарастыруға дайынбыз", – деді Виктория Шегай.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қалай алуға болатыны туралы мәлімет жарияланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript