2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан халқы қанша күн демалады

Қазақстан, мемлекеттік мейрамдар, Тәуелсіздік мерекесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 10:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан желтоқсан айында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.
Тәуелсіздік күні:
  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16, 17, 18 желтоқсан күндері;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.

2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, соған сәйкес "16 желтоқсан Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады. Бұған дейін 17 желтоқсан да мереке күні болып саналып келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: