Павлодар облысында қызылша жұқтырғандар саны артып келеді
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында соңғы екі аптада қызылша жұқтырғандар саны екі есе артты. Олардың көбі вакцина алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, өңірде 80 жағдай тіркелсе, басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. 900-ге жуық ата-ана баласына екпе салуға қарсы болған.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанованың айтуынша, департамент мамандары эпидахуал бойынша мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бес мектеп оқушысы мен 19 балабақша тәрбиеленушісінің ауру жұқтырғаны анықталған.
"Барлығы екпе алмаған. Қазіргі уақытта ата-аналарға вакцинаның сапасы мен пайдасы туралы ақпарат беріп жатырмыз. Қолданыстағы препарат Үндістаннан әкелінген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мақұлданған".Зәмзәгүл Дощанова
Мамандардың айтуынша, эпидахуал күрделенген сайын балабақшалар мен мектептерде ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды. Ол үшін балалардың 90% жоспарлы екпе алуы шарт. Қазіргі таңда вакциналау ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен қатар жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript