Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ІІМ автокөліктердің заңдастыру мерзімі таяп қалғанын ескертті

Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру, ҚР ІІМ, шетелдік көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 15:34 Сурет: pexels
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі жақын арада аяқталатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі көлік иелеріне шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалғанын ескертті.

"Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз", – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады. Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: