Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният немересіне қызылшаға қарсы екпе салдырып, ата-аналарды баласын вакцинациялауға шақырды

Денсаулық сақтау министрі, қызылша, қызылшаға қарсы екпе, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 09:15 Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елордадағы тоғызыншы қалалық емханада немересіне қызылшаға қарсы екпе салдырды. Қазақстанда өршіп тұрған қауіпті аурудан қорғау үшін министр ата-аналарды балаларын вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр әлемнің көптеген елдеріндегідей біздің еліміздегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қызылшаға қарсы екпе алу үшін қалалық емханаға келгенін жазды. Ол Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы қыркүйек айынан бастап байқалғанын атап өтті.

"Біз соңғы екі айда бұл аурудың күрт өскенін көріп отырмыз. 13 мыңнан астам адам ауырып қалды, оның 83%-ын негізінен 5 жасқа дейінгі балалар құрайды, егілмеген ересектер де бар", – деді денсаулық сақтау министрі

Министрдің айтуынша, бұл жағдайда науқастардың 70%-ы екпе салдырмаған балалар. Олардың көбі, яғни 60%-ы вакцинациялаудан бас тартқандар, медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 18%-ына екпе салынба5ан, 22% егу жасына жетпегендер. Бүгінгі таңда барлығы 2013 бала, оның ішінде 30 бала ауыр жағдайда емдеуге жатқызылды.

А.Ғинияттың айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі аясында қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол қаңтар айының соңына дейін созылады, вакцина жеткілікті.

"Қызылша пневмония, түрлі қабыну, отит секілді, соқырлыққа дейін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда қызылшаны емдеудің өзіне тән емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті инфекциядан сақтанудың жалғыз жолы – тек вакцинациялау. Вакцинаның өзінен қорықпау керек, ол тексерілген, біз оны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қолданамыз".Ажар Ғиният

Қызылшаға қарсы профилактикалық күнтізбеге сәйкес біздің елде бұл вакцина жоспарлы түрде екі рет салынады: балаға алғашқы екпе 12-15 айлығында, екіншісі 6 жасында салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: