Синоптиктер сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 16:58 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстандағы 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Сонымен қатар тұман мен көктайғақ та болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +7+9°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +11+13°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 8-13м/с, күндіз - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: