Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар енді медициналық қызмет алғанын жаңа әдіспен растайды

МӘМС, QR–код, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 13:37 Сурет: pixabay
Қазақстанда пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып іске асырды.

"Пилоттық жобаға Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады", – делінген хабарламада.

Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы пациент пен денсаулық сақтау маманының арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

"Пациент емханаға egov mobile мобилдік қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және оның келгенін растайды".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен - емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады.

"Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қанағаттанушылығын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі "тіркеулерді" алып тастауға мүмкіндік береді".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Өз кезегінде медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау және келулерді бақылау үшін қолдана алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: