Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде жаяу жүргіншілер жолында үш оқушыны көлік қағып кетті

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 01:28 Сурет: Zakon.kz
Өскеменде көлік қағып кеткен үш оқушы ауруханада жатыр. Науқастар түрлі дәрежеде жарақаттанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға 14 қарашада кешқұрым қаладағы Сәтбаев пен Жібек жолы көшелерінің қилысында болды. Жеңіл көлік тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған өткелде 13 және 14 жастағы үш оқушыны қағып кеткен.

Сүйектері сынып, басына зақым келген балалар бірден Ана мен бала орталығына жеткізілді.

Дәрігерлердің сөзінше, үшеуінің де жағдайы қалыпты. Қазір полицейлер қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Екі бала травматология, ал бір бала нейрохирургия бөлімде емделіп жатыр. Олардың денсаулығын қалпына келтіруге дәрігерлер барлық іс-шараны жасалады".Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: