Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда ерекше конкурс жарияланды: мектепке алауошақ пен бар үстелі қажет

Екібастұз, алау ошақ, мемлекеттік сатып алу порталы, бар үстелі, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 14:52 Сурет: pixabay
"Әділдік жолы" РҚБ Павлодар облыстық филиалының басшысы Нұргүл Қайырденова жұртшылықтың назарын ерекше лотқа аударды. Мемлекеттік сатып алулар сайтында Екібастұздағы №11 мектептің бокал ілуге арналған ілгегі бар бар үстелі мен алауошақ сатып алмақ болғаны белгілі болды.

Қоғам белсендісі әдеттен тыс конкурс жарияланғанын Instagram парақшасында 2023 жылғы 16 қараша күні жазды.

"Орындықтары бар барүстелі қажет, онда шыны-аяқ ілуге арналған ілгегі бар тіреуіш болуы керек. Үстелдің үстінде екі жарықдиодты ілулі шам болуы керек".Нұргүл Қайырденова

Нұргүл Қайырденова мектепке алауошақ та қажет екенін жазыпты.

"Алауошақ та керек. Ол қызметтік үй-жайды жылыту үшін керек деп жазады. Қандай (үй-жай – ред.) екені білгісіз. Сұрақ бар. Бұл мектеп биыл күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуден кейін мектепті қосымша алауошақпен жылыту керек болғаны ма?" Нұргүл Қайырденова

Ерекше конкурс жөніндегі ақпаратқа Екібастұз қаласының білім бөлімі қысқаша жауап берді.

"Тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша жауап береміз", – делінген білім бөлімі таратқан хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: