Қыс келе жатыр: Қазақстанда температура -16°С-қа дейін күрт төмендеп, жауын-шашын жиілейді
Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде – 2023 жылғы 18 қараша мен 20 қараша аралығында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, жақын күндері белсенді солтүстік циклонның сілемдері мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен:
- 18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте жауын-шашын;
- 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға айналады);
- 19-20 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
"Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жауын-шашынмен қатар көктайғақ және қарлы боран болады деп болжанды, Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның басым бөлігінде температура күрт төмендейді", – делінген хабарламада.
Болжам бойынша түнде және күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыста түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -7+5°С-қа дейін,
- солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -8-16°С -қа дейін, күндіз -2-10°С -қа дейін,
- оңтүстікте түнде -3+7°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін,
- оңтүстік-шығыста түнде -6+6°С-қа дейін, күндіз -5+13°С -қа дейін төмендейді.
"Республика бойынша жел 15-29 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі", – дейді синоптиктер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript