Абай облысының барлық медициналық мекемесінде карантин жарияланды

Медициналық мекеме, карантин, Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 19:23 Сурет: primeminister.kz
2023 жылы 17 қарашада Абай облысының әкімдігі мәлімдеме жасап, аймақтың барлық медициналық мекемесінде карантин жарияланғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік хабарламасында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің "Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-нің арнайы бұйрығына сәйкес, барлық медициналық ұйымдарда карантин енгізілгені айтылады. 

Қазіргі уақытта Абай облысында қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты: 2023 жылдың мамыр айынан бастап облыста қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелді.

"Өкінішке қарай, қызылшамен сырқаттанудың бұрынғыдан айырмашылығы, бүгінде диагноз негізінен балалар арасында, яғни барлық жағдайдың 56,0 пайызы (42 жағдай) 5 жасқа дейінгі балалар екенін атап өткен жөн".Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Абай облысында 7 бала мен 3 ересек адам қызылшамен стационарлық емделуде, ауыр жағдайда жатқандар (балалар мен ересектер) жоқ. Қызылша қатысты инфекциялық төсектердің қамтылуы 12,5%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасында қызылша бойынша қолайсыз жағдай тіркелген. Осыған байланысты облыста эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: