Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бұрынғы президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштады

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 13:00
Қазақстанның бұрынғы президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштады. Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және діни қызметкерлер көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске алу асында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікке жылы лебізі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

"Осындай ауыр сәтте біздің отбасымызға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, көптеген қазақстандық көңіл айтып, қайғымызды бөлісіп, қолдау білдірді. Барлығына шын жүректен ризамын", - деді Қазақстанның бұрынғы президенті.
Назарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 13:00

Сурет: nazarbayev.kz

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын еске алып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан реформалардың маңызын атады.

"Әр ұрпақтың өзінің жолы мен міндеті бар. Келесі ұрпақ та өзгеріс енгізеді. Өзгеріссіз даму жоқ, онсыз алға жылжи алмаймыз". Нұрсұлтан Назарбаев
Назарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 13:00

Сурет: nazarbayev.kz

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің өркендеуінің, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі халықтың бірлігі екенін атап өтті.

2023 жылы 13 қарашада Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүние салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: