Жаркент маңында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 14:01 Сурет: видео скрині
Жол апаты 18 қарашада Жаркент маңында болып, екі "Ауди" көлігі соқтығысты. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336-шақырымында соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысқан.

"Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді. Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтап жатыр".Polisia.kz


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: