Алматыда қашан қар жауады

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне қалада алғашқы қар қашан жауатынын айтты.
Синоптиктердің болжауынша, айдың соңғы күні оңтүстік астанада қар жаууы мүмкін.
Бір қызығы, айдың соңында ауа тепмературасы +17 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктер Алматыда 22-30 қарашаға арналған күн райының толық болжамын қоса ұсынды:
- 22 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +15+17°С.
- 23 қараша: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, ауық-ауық қатты жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7°C.
- 24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0,+2°C, күндіз +5+7°C.
- 25 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +8+10°С.
- 26 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +11+13°С.
- 27 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.
- 28 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +13+15°С.
- 29 қараша: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 жел соғады, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +6+8°С.
- 30 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2°C, күндіз +3+5°C.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript