Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңа табиғи резерват құрылады

Маңғыстау облысы, Атырау, итбалық, табиғи резерват, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 12:35 Сурет: unsplash
2024 жылы Каспий теңізінде итбалықтарға арналған резерват құрылады. Алайда Экология министрлігі резерват аумағы қаншалықты болатынын әлі шешпеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство елдегі итбалықтардың саны азайып бара жатқанын еске салды.

2000 жылдардың басында Каспий итбалығының саны 1 млн-ға жуықтаған. Бүгінде мамандар олардың 300 мыңға дейін азайғанын айтады. Осыған байланысты 2024 жылы Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарланып отыр, деп мәлімдеді 24.kz.

Жаңа қорық Каспий итбалығының популяциясын сақтауға мүмкіндік береді.

"Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы республикалық бюджеттен техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда табиғи резерват құру бойынша жаратылыстану ғылыми негіздемесі дайындалды және ол уәкілетті органмен бекітілді. Оның негізінде табиғи техникалық-экономикалық негіздемемен қазір ғылыми ұйымдар айналысып жатыр. Оны аяқтау желтоқсан айында жоспарлануда". ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті басқармасының басшысы Ерасыл Суықбаев

Гидробиология және экология институтының мамандары көл суының тартылуына байланысты сүтқоректілердің солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауу тәуекелі жоғары екенін айтып отыр.

"Соңғы деректер бойынша 2008-2023 жылдар аралығында Каспийдің Қазақстан аумағындағы Дурнево учаскесі суының тартылуына байланысты ұсақ аралдардың аумағы 42 шақырымға дейін құрғап қалған. Бұл – соңғы 15 жыл ішіндегі теріс көрсеткіш. Мәселен, Каспиймен шектесетін көрші елдердің су аумақтарында аялдауға қолайлы жаңа аралдар пайда болса, әлбетте итбалықтар көлдің орталығы мен батысын мекендей бастайды". Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова

Маңғыстау облысындағы Түпқараған түбегінің жағалауынан тағы да өлі итбалықтар мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: