Синоптиктер төрт облыста екпінді жел соғады деп болжады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, қар, екпінді жел, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 17:22 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 24 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады.

"Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жауын-шашын болады", – дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық облыстарда бұрқасын болады.

Батыста, Ақмоланың солтүстігінде, Түркістанның таулы асуларында, түнде оңтүстікте, Солтүстік Қазақстанның батысында, күндіз Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: