Жаңбыр, қарлы боран: Қазақстан бойынша 25-27 қарашаға арналған күн райы болжамы
Сурет: unsplash
Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде – 2023 жылдың 25-27 қарашасы аралығында республикада күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жаудырып, боран соқтырған Атлант циклоны біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды.
"Оның соңын ала оңтүстік-батыстан антициклон жылжып келеді, соның ықпалынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді деп болжанды, түнде солтүстік облыстарда ауыр температурасы -5-10°С дейін төмендейді"."Қазгидромет" РМК
Болжам бойынша, ауа райы тұрақсыз болады.
"Бірақ, антициклон орнығып үлгермей жатып, біздің елден кетуге мәжбүр болады, өйткені оның орнын батыс жақтан келе жатқан басқа циклон алмастырады, бұл қайтадан тұрақсыз ауа райын тудырады: мұзды жауын мен қар жауады, қарлы боран соғады, көктайғақ байқалады. Ал температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді". "Қазгидромет" РМК
Ал синоптиктердің болжамынша, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript