Жаңалықтар тізбегі
0

Тұман, көктайғақ. 1 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 1 желтоқсан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 20:57 Сурет: pixabay
Еліміздің 13 облысында 1 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атырау облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Орал қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Ақмола облысында  жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, түнде басым бөлігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады, өңірдің батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз батыс, солтүстік, орталық бөлікте де көктайғақ болады деп болжанады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болу ықтималдылығы жоғары. Таразда да тұман түседі деп күтіледі. 3 желтоқсанда таңертең және түстен кейін солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: