Жаңалықтар тізбегі
0

"Қар жауып, боран соғады". Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 3 желтоқсан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 17:19 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК 3 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдайдың болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың 13 өңірінде қолайсыз ауа райы белең алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райына Атлантикалық циклонымен байланысты атмосфералық құбылыстар әсер етеді, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды құбылыстар көбірек көрініс табады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығы - Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыста соққан желдің екпіні 23 м/с, Жезқазғанда 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Семейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Өскеменде таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Оралда күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының шығысында, орталығы Қызылордада да тұман болады деп күтіледі. Облыс орталығында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с дейін.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. 

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары.

Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығы – Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанайда қарлы боран, түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: