Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің кейбір өңірінде сынап бағаны күрт төмендеп, аяз болады деп болжанады

Ауа райы болжамы, 5 желтоқсан, аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 20:45 Сурет: pixabay
Астанада және еліміздің 13 облысында 5 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан түнде және таңертең соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында ауа температурасы күндіз 0, -5 градустан -10,-15 градусқа дейін күрт төмендейді деп күтіледі, ал облыстың батысында сынап бағаны -18 градусты көрсетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Кешке қарай өңірдің батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыс орталығында, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Сынап бағаны -2, +3 градустан -7,-12 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың батысында -15 градус суық болады деп болжанады.

Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде қар ұшқындайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Алакөл ауданында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Өскеменде таңертең және түстен кейін қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, боран, тұман болады деп күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: