Жаңалықтар тізбегі
0

Судьялар ауыр қылмыс істегендердің мәселесін шешу үшін пара алған

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 01:47 Сурет: freepik
Антикор Алматы облысында үш бірдей судьяның пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Олар ауыр қылмыс істегендердің мәселесін шешу үшін ақша алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қонаев қаласы сотының төрағасына "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергелуі тиіс күдіктінің ісін "Қылмыс туралы хабарламау" бабына өзгерткені үшін ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Ал Талғар аудандық сотының судьясы кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша істі боп жатқан адамнан делдал арқылы пара алды деген күдікке ілінген.

Ал үшінші жағдайда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Антикордың мәліметінше, ол кәсіпкерден салық үшін миллиардтаған қарызы бар екі компанияны "банкрот" деп тану үшін пара алған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар істеген жемқорлық қылмыстарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді".ҚР сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: