Тоқаев еріктілерді құттықтады

Халықаралық еріктілер күні, құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 10:05 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Халықаралық еріктілер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандық еріктілерге үндеу жолдады.

"Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. "Адал азамат" тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді".Қасым-Жомарт Тоқаев

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні. Экономикалық және әлеуметтік даму үшін Халықаралық еріктілер күні 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 40-сессиясында бекітілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: