"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының финалына шыққан 25 ару таныстырылды
14 желтоқсанда
бірнеше кезеңнен тұратын кастинг нәтижесінде іріктеліп алынған 25 финалист
елдің ең сұлу аруы атану үшін бақ сынайды.
Көптен күткен "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының финалы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Шоуға кастингтер мен байқаудың жартылай финалы нәтижесінде іріктеліп алынған 25 қыз, оның ішінде аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
Сұлулық байқауының ережесіне сәйкес, ресми лицензиясы бар "Қазақстан аруының" барлық аймақтық өкілі жыл бойы кастинг өткізіп, кейін финал өткізді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жасы 18-ден 25-ке дейін, бойы 165 см-ден жоғары, Қазақстан Республикасының азаматы, тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керек.
Сурет: "Қазақстан Аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары
Аймақтық жеңімпаздар, барлық басқа
қатысушылар сияқты, байқаудың аралық кезеңінен – жартылай финалдан өтуге
міндетті. Бұл жолы шоуға аймақтық кастингтерде жеңіске жеткен 17 бойжеткен
қатысады. Қалған қатысушылар жыл басында басталған жарнамалық науқанның
арқасында байқауды ұйымдастыру комитетінің кастинг бөлімі арқылы іріктелді.
Жарнамалық науқан нәтижесінде 17 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Барлығы ашық кастингтен өтуге
мүмкіндік алды, нәтижесінде қыздар кезең-кезеңімен жартылай финалға қатысу үшін
іріктелді. Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті әлеуметтік желілер арқылы
параметрлері сәйкес келетін қыздарды өз бетінше іздеп, кастингке шақырды.
Бұл жолы "Қазақстан аруы" тұрақтылық пен планетамызға қамқорлық қағидаттарын қолдау және ілгерілету алаңына айналды. Әрбір қатысушы сұлу ғана емес, экологиялық сана мен қоршаған ортаға деген қамқорлықтың қолдаушысы деп есептейміз.
Қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысты ғана емес, сонымен қатар біздің өмірімізге инновациялық нейрожелілерді белсенді енгізуді көрсететін "Болашақты қорғау" девизі біздің байқауымыздың ұраны болды.
Сурет: "Қазақстан Аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары
Алина Имирова, Аяулым Әлімхалиева, Рабиға
Насуруллаева, Аяулым Салимова, Севинч Тәжібаева, Сабина Ыдырысова, Дарья
Подгорная, Наталья Петри, Мадина Әлмұханова, Аяна Нұрқасымова, Айша Нарымби,
Тілекші Бисембаева, Ақтоты Жүнісбекова, Аделина Багумбаева, Айбарша Лекерова,
Аяжан Жұмагереева, Диана Ербосын, Дарина Байдыбекова, Яна Полыгалова, Аружан
Қуатбаева, Мадина Ещанова, Карина Бірімжанова, Ботагөз Нұржігітова, Анна Зорина
мен Аружан Арыстан сұлулық байқауының финалында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Қыздардың әрқайсы жеңімпаз болуға лайықты және олар басты жүлде — елдің ең
әдемі қызына берілетін тәжді кию үшін барын салады.
Байқау финалы — бұл әсем іс-шара ғана емес, сонымен бірге болашақты қалыптастырудағы экология мен технологиялық прогрестің маңыздылығын мәлімдеуге мүмкіндік береді. Біз қатысушыларымыз планетамызды қорғауға шақыратынын және инновациялық шешімдердің ынталандырушы күші болғанын мақтан тұтамыз.
Қатысушыларымыздың әрбір қадамын онлайн және офлайн режимінде қадағалаңыз. Біз мақтаныш пен құрметке лайық болашақты бірге құрамыз!