Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің 11 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Тас жолдағы шектеулер, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 19:43 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
2023 жыл, 12 желтоқсан, сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының нашарлауына (күннің күрт суытуы, қарлы боран, айналаның көріну деңгейінің төменгі) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін мына жолдарда шектеулер енгізілді:

  • Ақмола облысында - 20 жол учаскесі;
  • Ақтөбе облысында – "Қарабұтақ-Комсомоль-Денисовка-Рудный-Костанай" тас жолы, 0-234 км, Қарабұтақ ауылы - Қостанай облысының шекарасы;
  • Алматы облысында - 4 жол учаскесі;
  • Жетісу облысында - "Үшарал-Достық" тас жолы, 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы;
  • Қостанай облысында - 7 жол учаскесі;
  • Маңғыстау облысында – 2 жол учаскесі;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 14 жол учаскесі;
  • Түркістан облысында – "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы, 593-652 км, Жамбыл облысының шекарасы - Машат ауылы.

Барлық автокөліктер үшін мына жолдарда шектеулер енгізілді:

  • Жамбыл облысында - 6 жол учаскесі;
  • Павлодар облысында – 2 жол учаскесі;
  • Қарағанды облысында - 7 жол учаскесі.

Жүк автокөліктері үшін Ұлытау облысында "Қызылорда-Павлодар" тас жолы, 756-788 км, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы жабық. 


"Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 1108 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды. Шектеулер барлық автожол желілерінің 9527,085 км немесе 38,35% қолданылуда". "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: