Жаңалықтар тізбегі
0

-40°C аяз, көктайғақ, қатты жел. Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Аяз, ауа райы болжамы, дауылды ескерту, 13 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 21:07 Сурет: pixabay
13 желтоқсанда еліміздегі үш қаласы мен тоғыз облысында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Талдықорғанда түнде қатты аяз болады: -27°C...-29°C.

Қонаевта түнде қатты аяз болады: -25°C...-27°C.

Алматыда түнде қатты аяз болады: -23°C...-25°C. 14 желтоқсанда да түнде қатты аяз болады: -25°C...-27°C.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 20 градус аязды көрсетеді деп күтіледі. Ақтауда көктайғақ болады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Таразда түнде бағаны -33°C...-35°C көрсетіп, қатты аяз болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан,оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында сынап бағаны -40°C көрсетіп, қатты аяз болады деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: