Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер аяз, тұман және көктайғаққа байланысты 11 өңірде ескерту жасады

аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 01:54 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері сенбі, 16 желтоқсанда елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының оңтүстігінде тәулік бойы жаяу бұрқасын. Жел шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 мерт болады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 26 градус қатты аяз болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, облыстың батысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. 

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шымкентте кей уақытта тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: