Алматыда "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттары, Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, Ауған соғысы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, қаланың жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар желтоқсаншыларды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Айта кетсек, қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғаларына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.