Алматылықтар екі балдық жер сілкінісін сезінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,6.
- Магнитудасы – MPV 6.0.
- Жер сілкінісінің координаты – 40,16° солтүстік. 77,84° шығыс
- Тереңдігі – 10 км.
- Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл.
Жер сілкінісі кезінде:
1. Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз!*
2. Соққы кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
3. Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз.
4. Сенімді, күшті пана табыңыз: егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, негізгі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз.
5. Үй-жайдан шығыңыз (*көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпуі тоқтағаннан кейін)
6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
7. Жедел чемодан алыңыз (алдын ала дайындалған).
8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
9. Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз.
10. Қарттар мен мүгедектерге көмек беріңіз.
Бір күн бұрын Қытайда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болып, кейінгі мәліметтер бойынша 111 адам қаза тапты. Екі жүзден астам адам жарақат алды.