Қызылорда облысында соттылығы бар және медициналық есепте тұрғандар мектепте жұмыс істеген
Сурет: pixabay
Облыс прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізіп жатыр. Алғашқы тексеру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облыстық прокуратурасының мәліметінше, кейбір мектептерде бейнебақылаудың "соқыр аймақтары" жойылмаған, жұмыс істемейтін бейнекамералар бар, салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді.
Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген.
"26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің "Д" есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.
Мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript