Жаңалықтар тізбегі
0

"Ұлы дала" шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тараз, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 17:21 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласындағы "Ұлы дала" ықшамауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, еңбек және білім саласының ардагерлері, қала тұрғындары қатысты.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Тараз қаласының әкімі , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 17:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуелі Қанатбек Қайшыбекұлы сөз алып, ақжарма тілегін білдірді.

"Бүгін Сіздер үшін ерекше қуанышты күн. Өйткені баршамыз Тараз қаласындағы "Ұлы дала" жаңа ықшамауданында 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілуіне куә болып отырмыз. Жаңа мектепте білім сапасы артып, балаларымыз жақсы оқып, ел сенімін ақтайды деп ойлаймын", – деген облыс әкімінің орынбасары мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Келесі кезекте еңбек ардагері Шарафи Қалдарбеков жиналған қауымға жылы лебізін арнап, білім саласының үздігі, зейнеткер Ережепбай Бекеевпен бірге жаңа мектеп ғимаратының лентасын қиды.

Тараз, жаңа мектеп, еңбек ардагері, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 17:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан кейін қонақтар мектептің ішін аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Құрылысын "Агроспецстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген №64 білім ордасы "Ұлы дала" ықшамауданындағы алғашқы мемлекеттік мектеп. Бүгінде аталған ықшамауданда 25 мыңнан астам адам тұрмыс кешсе, оның 2314-і мектеп жасындағы балалар.

Білім ордасы лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған кең акт залы, оқу залы бар кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберханамен толығымен жабдықталған. Сондай-ақ 56 оқу кабинеті интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген.

Тараз, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 17:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған ауданда жаңа білім ошағының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш болды.

Тараз, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 17:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысумен өткен кездесулерде де тұрғындар тарапынан осы мәселе жиі көтеріліп келді. Енді соның сәтін салып, жаңа мектеп есігін айқара ашып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазіргі уақытта аталған ықшамауданда 2024 жылы тапсырылуы жоспарланған 4400 оқушыға арналған тағы 3 мектептің құрылысы жүруде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: