Қазақстанның екі өңірінде жол учаскелері жабылды

Тас жол, жабық, Алматы-Ташкент-Термез, Үшарал-Достық, Сарыөзек-Көктал, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 20:21 Сурет: pxhere
Қар жауып, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар тас жолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы 20 желтоқсанда мына жол учаскелері жабылды:

  1. Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 159-238 шақырым аралығы, Кенен станциясынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін -79 км;
  2. Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км; "Сарыөзек-Көктал" тас жолының 45-68  шақырым аралығы, (Алтын Емел асуы).

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: