Жаңалықтар тізбегі
0

Көктайғақ, тұман, боран: Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 22 желтоқсан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 20:26 Сурет: pixabay
22 желтоқсанда Астана мен еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Тұман, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда тұман, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста  23-28 м/с, таңертең және түстен кейін облыстың солтүстік-шығысында  30 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жед соғады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, 22-23 желтоқсанда 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді деп болжанады. 

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қызылордада да түнде шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады.  Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: