Орал тұрғыны есірткі жасыру үшін магнит қолданған
Сурет: видео скрині
Батыс Қазақстан облысының Есірткіге қарсы күрес басқармасы Деркөл ауылында Оралдың 27 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан салмағы 20,5 грамм мефедрон мен магнит салынған 20 дана zip-пакет табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам пакеттерді құбырларға бекіткен, кей жағдайда жерге тастап кеткен. Осылайша, есірткі тұтынушылар металл арқылы керек заттарын таба алатын болған.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол 10 жылдан 15 бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript