Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халқы 2024 жылы қанша күн демалады

Қазақстан халқы 2024 жылы қанша күн демалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 16:24 Сурет: Zakon.kz
Келесі жыл қосымша демалыс күндеріне бай болайын деп тұр.

Сонымен Жаңа жылда, 1 және 2 қаңтарда демаламыз. 3 қаңтар – жұмыс күні.

Жалпы қазақстандықтарға Жаңа жылды тойлауға 4 күн берілген:

Бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 желтоқсан, 2024 жылдың 1 және 2 қаңтар демалады. 2024 жылы Рождество күні жексенбіге сәйкес келеді, бірақ кейінге қалдыру жоспарланбаған. Сондықтан биыл қосымша демалыс күні болмайды.

Наурызда біз екі мерекені тойлаймыз – 8 наурыз және Наурыз.

8 наурызда 3 күн демалыс болады. 8 наурыз жұма күніне сәйкес келетіндіктен, бес күн жұмыс істейтіндер сәйкесінше 8, 9 және 10 наурызда, алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады.

Наурыз мерекесін 5 күн тойлаймыз: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз.

Мереке сенбі күніне түскендіктен, дүйсенбі де қосымша демалыс күнә ретінде беріледі.

Мамыр айында бірқатар мерекені тойлаймыз: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні.

Әр мереке үшін бір күн демалыс беріледі: 1, 7 және 9 мамыр (сәрсенбі, сейсенбі және бейсенбі).

Маусым айында да қосымша демалыстар бар: мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні – 17 маусым, дүйсенбі. Сонымен қатар ҚМДБ жаңа айға байланысты діни мереке күндері кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты.

Шілде айында Астана күніне байланысты 3 күн демалыс болады. 6 шілде сенбіге сай келгендіктен, 8 шілде қосылып беріледі. Бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 шілде, ал алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады.

30 тамызда Конституция күнін атап өтеміз. Бұл күн жұмаға түскендіктен, бес күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек.

Қазан айында Республика күнін тойлаймыз. Соған орай үш күн қатар демаламыз: 25, 26 және 27 қазан.

2024 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс болады: 14, 15 және 16 желтоқсан (дүйсенбі). Алты күн жұмыс істейтіндер сәйкесінше екі күн ғана демалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: