Алматы әкімдігі тұрғын үй кешеніндегі жылуды қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдады
"Алматы жылу желілері" ЖШС (АЛТС) берген ақпаратқа сәйкес, аталған кешен ғимаратына берілетін жылудың төмендеуі жеке құрылыс ұйымына тиесілі автоматтандырылған жылу пунктінің (АТП) дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған.
Бұл ретте коммуналдық қызмет өкілдері аталған ТК-ге жылу жүйесі жылу өндіру көзінен ("Алматы электр стансалары" АҚ, ЖЭО жылумен жабдықтау аймағы) барлық параметрді сақтап, штаттық режимде беріліп жатқанын мәлімдеп отыр.
Олар сыртқы ауаның төмен температурасы кезінде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары тарапынан ешқандай шағым түспегенін атап өтті.
"River Park" ТК үйлеріндегі жылытуға қатысты штаттан тыс жағдай тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін жеке сервистік ұйымның АТП жұмысына араласуынан туындауы мүмкін.
Құрылысшыларға көмекке Алматы жылу желілерінің кезекші бригадасы жіберілді.
"Сонымен қатар, аудан әкімдігі бұрын "АРТ Медиа" ЖШС құрылыс салушы өкілдерімен тұрғын үйлерде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдау бойынша келіссөздер жүргізген болатын. Құрылыс жүргізуші мекеме элеваторлы түйін үшін қосымша сорғылар сатып алынатынын мәлімдеді. Сорғылар келесі аптада орнатылады. "River Park" ТК-ны жылумен жабдықтау мәселесі Алматы әкімдігі мен қаланың барлық тиісті шұғыл қызметтерінің бақылауына алынды".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі