Жаңалықтар тізбегі
0

Төселген тәсіл: қазақстандықтар алаяқтардың қандай қулығына көбірек тап болды

Төселген тәсіл: қазақстандықтар алаяқтардың қандай қулығына көбірек тап болды Сурет: freepik
Құқықтық статистика комитеті мен ҚР Бас прокуратурасының арнайы мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 11 айында алаяқтардан келген шығын 96,5 милллиард теңгені құраған. Осы аралықта қазақстандықтар алаяқтардың қандай айлаларына көбірек тап болғаны туралы Zakon.kz материалынан оқи отырыңыз.

Кейбір көрсеткіштер

Құқықтық статистика комитетінің есебі бойынша, тек қана 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 132 995 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Және қылмыстардың жеке құрамдарында өсу динамикасы байқалады. Мұндай қылмыстарға алаяқтық (ҚК-нің 190 бабы) жатады, онда өткен жылмен салыстырғанда 1,6%-ға өскені ( 40 096-дан 40 754 қылмысқа дейін) тіркелген.

Алаяқтық әрекеттердің түрлері

Көбінесе қаржылық алаяқтар Бүкіләлемдік желіге өтіп кеткен жеке және заңды тұлғалардың деректер базасын қолданса, бұлар – банк клиенттері, квазимемлекеттік ұйымдар мен пошталар. Мұндай мәліметтердің базалары хакерлік форумдарда сатылады, кейде клиент деректері аляқтардың қолына кездейсоқ түсетін жағдайлар да бар. Міне, сондай кезде олар сізге тыныштық бермейді.

Әдетте, қаскөйлер бүкіл әлемде қолданылатын, әбден тексеруден өтіп, әккі болған, бірақ тиімді алдау әдістерін қолданады. "Отбасы банк" АҚ Қауіпсіздік департаментінің Антифрод басқармасының басшысы Олжас Есімбековтің айтуынша, мұндай жағдайда тек байланыс тілдері ғана әртүрлі. Алайда, көзделген мақсат әрқашан бірдей – аңғал "клиентті" өз еркімен ақшасымен айыру, яки болмаса банк картасына қол жеткізу үшін деректерін өз аузымен айтуға сендіру.

Мұндай тұрақты алаяқтық түрлеріне мыналар жатады:

  • Фишинг – алдау арқылы сізді алаяқтық сілтемеге өткізіп, өзіңіздің банктік қосымшаларыңыздың логині мен құпия сөзі сияқты және т.б. жеке деректеріңізді қалдыруға мәжбүрлейді. Ақпараттарыңызға қол жеткізген алаяқтар сіздің банк шоттарыңызды қашықтан басқара алады.
  • Вишинг - дәл сондай алдау тәсілімен сізбен телефонмен сөйлесу барысында деректеріңізді мәлімдеуге және оларға ұялы телефондағы аккаунттар мен интернет банкингке қол жеткізу үшін өздеріне көмектесуге мәжбүрлейді (voice phishing).
  • Әлеуметтік инженерия - бұл да сол вишинг, бірақ сізді психоэмоционалды басқару мамандарының арнайы оқытуы мен дайындығынан өткен алаяқтар алдайды.
"Қазір алаяқтардың өздерінің жеке ірі колл-центрлері, жоғары технологиялы және қымбат жабдықтары мен шығыс телефон нөмірін ауыстыратын бағдарламалары бар. Олар ішкі алдау машығын дамытуда ең тиімді жұмыс істейтін әдістер мен скриптерді ауқымдандыру жөніндегі ішкі тренингтер өткізеді (сөйлесу әдістері). Алаяқтың басты қаруы – психологиялық қысым", - дейді Олжас Есімбеков.

Сондықтан қаскөйлер жиі өзін сіздің банкіңіздің Қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстыра отырып, "клиентке" оның шоты бұзылғанын және енді банк картасынан заңсыз ақша шығаруға жол бермеу үшін оған шұғыл түрде өз деректеріңізді айту керектігін хабарлайды. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының өкілі ретінде әрекет жасайтын жағдайлар да болады. Бірақ, ең жағымсыз әрі қорқынышты алаяқтықтың түрі – жол-көлік апатынан зардап шеккен және жедел көмек күтіп отырған "туысқандардың" қоңырауы. Бұл жерде алаяқтар көп ойланып отырмастан, бірден қажетті сома мен "зардап шеккен адамға операция" жасату үшін ақшаны жедел түрде аударуға тиісті шот нөмірін атайды.

Дегенмен қаскөйлер белсенді түрде пайдаланып жүрген алаяқтықтың басқа түрлері де бар. Мысалы, интернет-алаяқтықтың бір түрі – балаларға немесе басқа ауыр дертке душар болған науқастарға операция жасату үшін ақша жинау. Азаматтардың эмоциялары және аяушылықтарымен ойнай отырып, олар емге қаражат жинау үшін жан тебірентерлік хабарландырулар құрастырады, оның ішінде атақты адамдар мен блогерлерді тарту да бар. Алайда, мұның айлакерлік болып шығатын кезі аз емес. Алаяқтар ауру балалардың фотосуреттерін интернеттен алып, оларға өтірік өмірбаян мен жүрегіңді сыздататын оқиғалар ойлап табады.

Кейде қаскөйлер вирусы бар зиянды сілтемелер тарату арқылы, куәлік/диплом/сертификат немесе басқада құжат түрлерін оқымай-ақ, емтихан тапсырмай-ақ алуды ұсынады.

Технологиялардың дамуын қаскөйлер де белсенді пайдаланып отыр. Соңғы кезде оларда әлеуметтік желілер арқылы алдау схемалары кеңінен танымал болып келеді. Мәселен, Telegram арқылы қаскөйлер мыналарды таратады:

  • Әлеуметтік желі қолданушыларына бот арқылы жұмыс ұсыну;
  • Ғылым, медицина саласындағы "танымал сарапшы" немесе белгілі компанияның маркетологы атынан фейк арналар ашу;
  • жалған ресурстарға сілтемелер тарату;
  • "техқолдау" атын жамылған хабарламалар тарату;
  • дауыс беруді немесе тегін премиумға қатысуды ұсыну.

Әлеуметтік желілер арқылы алдау әдістері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ айналып келгенде алаяқтардың әңгімесі "әлеуетті құрбанынан" белгілі бір реквизиттерге қомақты қаражат аударуды сұрауға барып тіреледі.

Сондықтан Отбасын банк мамандары интернет-парақшаларына жеке деректерді енгізу барысында (карталар мен мен шоттардың реквизиттері, телефон нөмірлері, құпия сөздер) аса мұқият және сақ болуды, ұсынылған ресурстарға өткен кезде URL-адресті мұқият тексеруді ұсынады. Жалпы барша адамды арбайтын ұсыныстарға сенімсіздікпен қараған жөн. Есіңізде болсын, тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады.

Өзіңізді және туыстарыңызды арсыз алаяқтардың әрекеттерінен қорғап, жинақтарыңыздан айырылып қалмаудың салдарлары туралы толығырақ ақпаратты, сілтемеге өту арқылы арнайы орнатылған парақшадан оқып-біле аласыз

Алем Максудов

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: