ҚМДБ Серік Рысжановтан мұсылман қауымы алдында кешірім сұрауды талап етті
Сурет: muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рысжанов өзінің арнайы діни білімінің болмағанына қарамастан Құранды өз бетінше түсініп, мұсылман жамағатының діни сеніміне сызат түсіріп, іріткі салғандығы үшін мұсылман қауымынан кешірім сұрауы тиіс деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құранды өз бетімен орыс тіліне аударған, публицист Серік Рысжанов "Barys media" ютуб арнасына берген сұқбатының бірінде: "Құранда бес уақыт намаз оқыңдар деп айтылмаған", - дейді.
"Алла Тағала Құранның "Ниса" сүресінің 103-аятында: "...Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар... Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (өтелсін деп) парыз етілді" деп бұйырған", деп жазды ҚМДБ арнайы хабарламасында.
Сондай-ақ діни басқарма бес уақыт намаз оқуға қатысты Құранда тағы да мынадай аяттар барын еске салады:
- "Ендеше, кеш батырып, таң атырғандарыңда (яғни кешкі, түнгі және таңғы намазда) Алланың мінсіз, кемшілік атаулыдан ада екенін айтып жар салыңдар!" ("Рұм" сүресі, 17-аят);
- "Екінді және түскі уақытта (яғни екінді және түскі намазында) да; көктерде де, жерде де бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіне ғана тән екенін айтып жар салыңдар!" ("Рұм" сүресі, 18-аят);
- "Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін айтылған бірер насихат" ("Һуд" сүресі, 114-аят).
"Осындай ашық аяттарға қарсы келу нағыз адасушылық деп есептейміз. Еліміздегі әрбір азамат қазақ қоғамының тұтастығын сақтауға мүдделі болуы керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шығушылыққа, діни құндылықтарды теріс бұрмалаушылыққа, парыздар мен діни рәсімдерді жоққа шығарып, қоғамда бүлік пен алауыздық тудырған азаматтардың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлімдейді". ҚМДБ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript