Жаңалықтар тізбегі
0

Жауын-шашын, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 28 желтоқсан, 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 20:29 Сурет: pixabay
28 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда боран, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Орал қаласында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда да қатты жел тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Атырауда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада тұман болуы ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде – көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ болады деп күтіледі. 

Түркістан облысының батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың тау асуларында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкент пен Түркістанда түнде тұман болуы ықтимал. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда таңертең және түстен кейін көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің батысында, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: