Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
Сурет: Zakon.kz
Жыл сайын Алматыда жаңа жылдық мереке күндері жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. Мысалы, 2022-2023 жылдары жаңа жылдық демалыс күндері Көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адам болған. Ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн адамға жетеді.
Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік мына кестемен жұмыс істейді:
- 2023 жылғы 30 және 31 Желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда – штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін. Желіде жылжымалы құрамның 80%-ы жүреді;
- 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді деп болжанды. Осыған байланысты автобустардың 50%-ы желіге шығарылады.
"Медеуге" дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып. Демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штат режимінде жұмыс істейді. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады". Алматы әкімдігі
Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Қозғалыс аралығы 12 минутқа дейін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript