Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 23 адам отшашудан зардап шекті, оның ішінде 14 бала бар

отшашу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2024 17:49 Сурет: polisia.kz
Елімізде отшашуды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтамағандықтан 23 адам зардап шекті, оның ішінде 14 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, Ақтөбеде былтырғы 26 желтоқсанда кешке көпқабатты үйдің ауласында 16 жастағы жасөспірім пиротехниканы (жарылғыш) дұрыс пайдаланбағаннан көзіне зақым келген.

Алматыда 1 қаңтар түнгі уақытта Ақжар шағын ауданында пиротехникалық жарылғыштарды қолдану кезінде сақтық шараларын сақтамағаннан 10 жастағы баланың беті мен қолы күйіп қалды. Осыған ұқсас жағдай Өскеменде 1 қаңтарда болды. 13 жасар жасөспірім отшашуды тауып алып жаққан, ол оның қолында жарылған, салдарынан бетін және саусақтары жараланған.

Бұдан басқа ересек адамдар күйік жарақатын алу фактілері де тіркелді. Олар алкогольдік мас күйінде қауіпсіздік шараларын сақтамай, пиротехникалық бұйымдарды қолданған, салдарынан өздері ғана емес жанында кетіп бара жатқан адамдар да жарақат алған.

Ішкі істер министрлігі 2023 жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылғы 3 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп, "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шара нарықта сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының сақталуына бағытталған. Іс-шара барысында азаматтық қорғау бөліністері қызметкерлерімен бірлесіп сауда орындарында 4,5 мыңнан астам рейд жүргізілді.

Пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының 900-ден астам бұзушылығы анықталды (2022 жылы 800 дерек).

Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: оның ішінде 800-ден астамы еркiн сауда жасауға заңнамасымен тыйым салынған тауарларды сатқаны үшін, пиротехниканы пайдалану тәртібін бұзғаны үшін – 32, пиротехниканы сақтау және тасымалдағаны үшін  – 4.

Заң бұзғандарға шамамен 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Іс-шара барысында 12 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: